Эвра Парижді сағынады екен!

Эвра Парижді сағынады екен!

"Манчестер Юнайтед" командасының қорғаушысы Патрис Эвра жақын аралықта "ПСЖ" командасына ауысатындығы туралы сыбысты жоққа шығарды. Бұл туралы Sky Sports хабарлайды.

"Әлі бір жылдық келісім бар және "МЮ"-де ойнай берем. Айта кететін болсам, "ПСЖ" командасына бару үшін Фергюсонның үстінен аттап өтпеспін. Ауысу туралы әңгіменің бәрі бос сөз болып табылады. Мен "Манчестер Юнайтед" командасында ойнап жүргеніме сондай бақыттымын!" - дейді Эвра. 

""ПСЖ" секілді париждік команда қызығушылық білдіріп отырса, еріксіз таңғалады екенсіз. Әрі жағымды көңіл-күй сыйлайды. Өзімнің Парижге деген махаббатымды ешқашан жасырып көрген емеспін. Өз кезегінде "Монаконы" өз командамдай санасам да..." - деп Патрис қоса кетіпті.

Естеріңізге сала кететін болсақ, "Манчестер Юнайтед" пен Эвра арасындағы келісім 2014 жылы өз соңына жетеді.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига