Еуропа Лигасы. Жартылай финал жеребесі тартылды

Футболдан кәрі құрлықтың екінші деңгейлі  додасы саналатын Еуропа Лигасының жартылай финалдық жеребесі тартылды.

Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту барысында, төмендегі командалар қарсыластарын анықтады:

Фенербахче – Бенфика

Базель – Челси

Алғашқы ойындар көкек айының 25-жұлдызында ойналса, қарымта жауапты ойындар мамырдың 2-сі күні өтетін болады. Айта кетейік, қарсыласты бірінші анықтаған командалар бірінші ойынды өз алаңдарында өткізбек.

Еуропа Лигасының 2012/13 жылғы финалдық ойыны "Қызғалдақтар елінің" "Амстердам Арена" стадионында өтетін болады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: videomatches.ru