- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Еуропа лигасы. «Ақтөбе»...
Еуропа лигасы. «Ақтөбе» жеңіске жетті
Кеше еліміздің футбол ұжымдары Еуропа лигасы аясында алғашқы ойындарын өткізді. Атап айтсақ, «Ақтөбе» қонақта армияндық «Гандзасарды» жеңсе, «Ертіс» атақты болгарлық «Левскимен» тең ойнады. Ал елордалық «Астана» командасы болгарлық «Ботевке» есе жіберіп алды.
“Гандзасар” (Армения) - “Ақтөбе” (Қазақстан) 1:2
Екі команда арасындағы матчқа көптеген букмекерлік орталықтар ақтөбелік команданың жеңісіне күмән келтірмеген-ді. Алайда қос команда арасындағы алғашқы таймда есеп ашылмады. Екінші таймда Эмиль Кенжисариевтың орнына жақында ғана Ресейден келген легионер Сергей Давыдов шықты. 65-минутта дәл осы шабуылшы ойындағы есепті ашты. Араға 13 минут сала, Асхат Тағыберген екінші допты қарсылас қақпасында тулатты. Екі голдың да соғылуына мүмкіндік алып берген Марат Хайруллин болатын. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда, алаң иелері есепті қысқартты. Осылайша 1:2 есебімен жеңіске жеткен «Ақтөбенің» келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі мол. Енді ойындағы статистикаға көз жүгіртіп көрейік:
Допты иелену: 39% — 61%
Қақпаға соққы: 16 — 10
Ескертулер: 14 — 7
Офсайдтар: 1 — 2
Бұрыштама добы: 4 — 4
Сары қағаз: 1 — 0
Қарымта кездесу 11 шілдеде Ақтөбеде өтеді.
“Левски” (Болгария) - “Ертіс” (Қазақстан) 0:0
Павлодарлық «Ертіс» сырт алаңда болгарлық «Левскимен» тең түсті. Қос команда арасындағы ойында есеп ашылмады. Қанша дегенмен азулы қарсыластың басымдығы алғашқы таймнан-ақ байқалған болатын. Ойында есеп ашатын мүмкіндіктерін мүлт жіберіп жатты. Екінші таймда керекулік команда да өз шабуылдарын ұйымдастыра бастады. Ұлықбек Бақаев өзіне берілген керемет мүмкіндікті жіберіп алды. Ойынның 76 минутында «Ертіс» қақпасына пенальти белгіленді. Карвальюдің бағыттаған соққысын Вячеслав Котляр өз қақпасына дарытпады. Қос команда арасындағы ойынның басты қаһарманы деп Вячеслав Котлярды атап айтуға болады. Қарымта кездесу 11 шілдеде Павлодарда өтеді.
Орындалмаған пенальти: де Карвальо, 77 (қақпашы)
Ескертулер: Жоау Силва 52, С. Ангелов 74, Везалов 82 — Говедарица 6, Чичулин 48
«Левски»: Илиев, С. Ангелов, Везалов, Нуну Пинту, Мулдер, Родригес, Криштовау (Лопес 81), Гаджев (Вутов 61), Брю, Велев, Жоау Силва (де Карвальо 52)
«Ертіс»: Котляр, Говедарица, Кулибали, Шомко, Кучера, Шабалин (Чичулин 21), Халмуратов, Мухутдинов, Бақаев (Чернышов 90), Юрин, Мурзоев (Струков 90)
Бас төреші: Орель Гринфельд (Израиль)
“Астана” (Қазақстан) - “Ботев” (Болгария) 0:1
Елордалық «Астана» командасы өз алаңында болгарлық «Ботевке» есе жіберіп, өз жағдайын қиындатып алды. Мирослав Беранек шәкірттеріне енді сырт алаңда жеңіске жету қиын соғары сөзсіз. «Астана аренада» өткен ойындағы шешуші голдың авторы Ирсак (45-мин) болды.
Гол: Ирсак 44 (0:1)
Ескертулер: Дмитренко 75 — Виейра 62, Галчев 84
«Астана»: Эрич, Дмитренко, Игуманович, Бейсебеков, Зелао, Коробкин, Нұрдаулетов, Қонысбаев (Кояшевич 46), Кетевоама, Исламхан (Куат 63), Нөсербаев
«Ботев»: Стаховяк, Грнчаров, Минев, Спрокел, Огнянов, Христов, Анисе (Костов 90), Ирсак, Галчев, Виейра (Неделев 88), Кортзорг (Дьяков 74)
Бас төреші: Георгий Вадачкория (Грузия)
4 шілде. Астана. «Астана-Арена».
сурет: armsport.com
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
О. Сансызбай