Еуропа футбол базарынан

Еуропа футбол базарынан

Футболдан кәрі құрлық елдерінің көпшілігінде қазір дем алыс. Осы уақытта командалар қатарына жаңа ойыншы шақыртып немесе клубқа қажетті емес ойыншылардың тізімін шығарып жатады. Назарларыңызға Еуропа жерінде болып жатқан футбол базарының ең соңғы жаңалықтарын ұсынамыз.

Давид Вилья «Барселонада» қалады

Каталондық «Барселонаның» президенті Сандро Роселдің айтуынша, жуық арада команданың шабуылшысы Давид Вилья ешқайда кетпейді екен.

«Вилья 100 пайызға «Барселонаның» ойыншысы! Сондықтан біз оны ешқайда сатпаймыз», - дейді команда президенті.

Естеріңізде болса, қаңтар айының басында бұл шабуылшыға «Арсенал» командасының бас бапкері Арсен Венген қызығушылық танытқан болатын. Енді француз маманы командасына басқа шабуылшы іздейтін де шығар.

 «Галатасарай» Уэсли Снейдермен келіссөз жүргізуде

«Галатасарай» командасының президенті Унал Айсал маусымаралық үзілісте командасына жаңа ойыншылардың келетінін айтты. Солар ішінде бірінші болып Түркия жеріне Уэсли Снейдер барып қалуы мүмкін.

«Мен «Интер» командасының президентімен Снейдер туралы сөйлестім. Жуық арада тағы да бір кездесу болады. Сол кезде барлығы да шешіледі деп ойлаймын», - дейді Айсал.

«Арсенал» Уолкотқа жаңа шартнама ұсынбақ

Лондондық «Арсенал» командасының жетекшілері жуық арада клубтың шабулышысы Тео Уолкотқа жаңа келісім-шарт ұсынбақ.

Команда жетекшілерінің айтуынша, өздерінің басты жұлдыздарын команда қатарында қалдыру үшін Уолкоттың айлығын да көтеруге келіседі екен. Ескі келісім бойынша Тео лондондық командадан аптасына 60 мың доллар жалақы алған болатын. Енді жаңа шарт бойынша бұл жалақы 90 мың долларға дейін өседі. Ал келісім-шарт 2017 жылға дейін жалғасады.

Айта кетейік, жуырда ғана «Арсенал» командасы қатардағы бес бірдей - Джеко Уилшер, Алекс Окслейд-Чемберлен, Аарон Рэмси, Карл Дженкинсон және Киран Гиббс секілді ойыншылармен шартамаларын ұзартқан болатын.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: eurosport.ru 

Ю. НИКУЛЛИН