Еуропа алыптарының жаңа формалары

Массагет күзден бастап теледидарларыңыздың экрандарынан жиі көрініп тұратын Еуропа алыптарының жеті жаңа формасын ұсынады.

«Реал» (Мадрид)


Корольдік клубта жаңа демеуші пайда болды. Енді Испания вице-чемпиондарының жейдесіндегі bwin жарнамасының орнында  Fly Emirates деген жазу тұратын болады. Осыған байланысты демеуші логотипінің стиліне сәйкес жейде дизайны да өзгерген.

Өз кезегінде мадридтіктердің екінші формасы өзінше бір жаңалық. Дизайнерлер Жозенің сүйікті командасы «Челсидің» жейдесін жасамақ болған сияқты.

«Барселона»


Тағы испандық алып негізгі формасының дәстүрлі жолақ дизайніне қайта келді және каталондық жалаудың түсімен боялған екінші форманың презентациясымен көпшілікті таң қалдырды.

«Пари Сен-Жермен»


Франция чемпионы эклектикалық формада бір кездесу өткізіп үлгерді. Ол Париж елтаңбасының түсімен үйлеседі.

«Челси»


Еуропа Лигасының жеңімпаздарында да жаңа форма. Бірақ, ескі формадан айтарлықтай өзгерісті байқай алмайсың. Осы жейдені жасау кезінде «Бастысы көк түсті болуы керек!» деген ұранды ұстанған секілді.

«Ливерпуль»


Мерсисайдтық клуб та өз формасына өзгеріс енгізуден қалып қоймады. Бірақ өзгерістер көзге көрінбейді.

«Бавария»


Мюнхендік «Бавария» Бундеслиганың алтын алқасын таққаннан соң, бірден жейдедегі алтын сызықтардан бас тартуды шешкен секілді.

«Марсель»

Маусымның хиті – «Марсельдің» жаңа екінші формасы. «Олимпиктің» екінші комплектісі арнайы джинсы матасынан жасалған. Клуб дүкендерінің алдындағы кезек осыдан болар.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: footballtop.ru