"Еуро-2015" додасында Қазақстан бесінші кәрзеңкеге түсті

"Еуро-2015" додасында Қазақстан бесінші кәрзеңкеге түсті

Футболдан  2015 жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионатының жеребесі 31 қаңтарда Ньонда тартылады. Осыған орай УЕФА жеребе тарту рәсімі алдында командаларды кәрзіңкеге бөлді. Қазақстан жастар құрамасы бұл кезеңге ең әлсіздері жиналған бесінші кәрзеңкеге түсті. 

Жалпы командалар кәрзеңкелерге былай бөлінді:
Бірінші кәрзеңке:
 Испания, Голландия, Италия, Германия, Швейцария, Ресей, Франция, Швеция, Израиль.
Екінші кәрзеңке: Румыния, Сербия, Түркия, Украина, Шотландия, Португалия, Дания, Беларусь, Уэльс.
Үшінші кәрзеңке: Грекия, Словакия, Бельгия, Венгрия, Армения, Хорватия, Норвегия, Черногория, Финляндия, Словения.
Төртінші кәрзеңке: Босния және Герцеговина, Польша, Грузия, Исландия, Молдова, Ирландия, Болгария, Кипр, Македония, Латвия.
Бесінші кәрзеңке: Солтүстік Ирландия, Албания, Фареры, Литва, Қазақстан, Эстония, Мальта, Люксембург,Әзірбайжан, Андорра, Лихтенштейн және Сан-Марино.

Айта кетейік, Чехия құрамасы Еуро-2015 қабылдаушы ел ретінде турнирдің финалдық кезеңіне автоматты түрде өтеді. Сондай-ақ бұл жарысқа 1992 жылы 1 ақпаннан кейін туылған жас футболшылар қатыса алады.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: kff.kz

Ю. НИКУЛЛИН