Эшли Коул «Челсимен» шартнамасын ұзартты

Лондондық «Челси» клуб сапындағы белді қорғаушылардың бірі Эшли Коулмен келісім-шартын ұзартқанын хабарлады.

32 жасар қорғаушы «ақсүйектердің» сапында осымен жетінші жыл өнер көрсетіп келе жатыр. Дегенмен, англиялық ойыншының жасы тым егде болғандығына байланысты, «Челси» басшылары қорғаушымен тек бір жылдық қана келісім-шарт жасасыпты.

««Челси» сапында сегізінші маусымға қалатыныма өте қуаныштымын. Бұл команда да естен кетпес кезеңдер көп болды. Қолжетімді барлық кубоктарды да жеңдім», - дейді Эшли Коул.

Айта кетейік, Коул «Челси» сапында 293 рет алаңға шығып, 7 мәрте нәтижелі соққымен көзге түскен. «Ақсүйектердің» қатарына өтпес бұрын, қорғаушы тағы бір лондондық клуб «Арсеналдың» намысын қорғаған. 

 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: eurosport.ru