Футболдан ел премьер-лигасының І турында павлодарлық «Ертіс» ойыншысы Алан Гатаговтың соққан голы бейресми түрде үздік ретінде танылуда. Оның «Ордабасы» қақпасына соққан голы бір қарағанда Златан Ибрагимовичтің гол соғу стилін еске түсіретіндей.
Алан Гатагов жаңа маусымда ел премьер-лигасына қосылған легионерлердің бірі. Осыған дейін Ресейдің «Локомотив», «Томь», «Динамо» және «Анжи» клубтарында ойнаған. «Ертіске» Израильдың «Маккаби Петах-Тиква» клубынан ауысып келді. 2009-2012 жылдар аралығында Ресей жастар құрамасының сапында 18 ойынға қатысып, 12 гол соққан.
Айта кетейік, «Ордабасы» - «Ертіс» ойынында премьер-лиганың бірінші голын соққан Иван Божич бірінші тайм соңынан барып қана жарақат алғанын сезген. Футболшы гол соғу сәтінде мұрнын сындырып алған. Сонымен қатар, сол ойында алаң иелерінің капитаны Қайрат Әшірбеков та жарақат алды.
Сурет: vk.com
Оқи отырыңыз
«Қайрат» пен «Астана» ел чемпионатын жеңіспен бастады (видео)
«Астана - Cуперкубок иегері! (видео)
Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі нәтижесі өзгермеді
Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды