"Ертіс" 2-0 есебімен жеңіске жетті (видео)

Павлодар қаласында өткен Еуропа лигасының іріктеу раундының бірінші кезеңіндегі қарымта ойында жергілікті «Ертіс» командасы болгариялық «Левски» командасын 2-0 есебімен тізе бүктірді. Бірінші кездесуде есеп ашылмаған еді.

Ойынның алғашқы голын Мурзоев Камолиддин алтыншы минутта-ақ соқса, екінші допты Ұлықбек Бақаев қарсылас қақпасында тулата білді. Ал 12 минутта бас төреші Александр Харкан болгариялық команданың ойыншысы Даниэль Димовқа ереже бұзғаны үшін қызыл қағаз көрсетіп, ойыннан қуды. Тағы да бір айта кетерлік жәйт, ойында жеті бірдей ойыншыға сары қағаз көрсетілді.

Бұл кездесуде Павлодардық Орталық стадионында ине шаншар орын қалмаған екен. Бұл туралы Павлодар Орталық стадионының директоры Айбек Қабиев хабарлаған болатын.

Өз кезегінде болгариялық команданың жанкүйерлері бұл кездесуге қатыспаған. Десек те, еліміздегі Болгария диаспорасы өкілдері өз командасына жанкүйерлік етуге келген екен.

Ал ендігі кезекте Талғат Байсуфиновтың шәкірттері босниялық "Широкий Бриег" командасына қарсы ойнамақ.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Yyd-qQMXiyY","width":"450","height":"320"});

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: sports.kz