- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Ерте қуанған спортшы...
Ерте қуанған спортшы жүлдесіз қалды (видео)
Фото:
sports.ru
Кез келген істе нәтиже шықпай ерте қуануға болмайды. Әсіресе, спортта да. Жеңіл атлетикадан Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионатында америкалық спортшы Молли Хаддл ерте қуанамын деп жүлдеден қағылды.
10 000 метр қашықтыққа жүгіруде америкалық желаяқ мәре сызығын үшінші болып кесетініне аса сенімді болды. Ертерек қуанған Молли Хаддл соңғы сәтте босаңдық танытып, қолында тұрған қола жүлдені уысынан шығарып алды. Мәре сызығын үшінші болып оның отандасы Эмили Инфилд кесті. Ерте қуанған спортшы қарсыласынан 0,09 секундқа қалып қойды.
Айта кетейік, жеңіл атлетикадан Бейжіңде өтіп жатқан әлем чемпионаты 30 тамыз күні мәресіне жетеді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір қола жүлде ғана бар.
О. Сансызбай