- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Ең қымбат спорттық...
Ең қымбат спорттық брендтер анықталды
«Forbes» журналының нұсқасы бойынша 2016 жылдың ең қымбат спорттық бренді болып «Nike» танылды. Басылым бренд бағасын 27 миллиард долларға бағалаған, - деп жазады Rambler News service.
Екінші орынға «ESPN» спорт арнасы орналасқан. Оның құны 16,5 миллиард долларға (бір жыл ішінде 2,9 пайызға төмендеген) бағаланған. «Nike» компаниясының басты бәсекелесі болып табылатын «Adidas» бренді үшінші орынды иеленген. Оның құны 7 миллиард долларды құраған. Бір жыл ішінде 12,9 пайызға өскен. «Sky Sports» телеарнасы (5 миллиард доллар) бесінші орынға табан тіреген.
Аралас жекпе-жекті ұйымдастырушы америкалық «UFC» ұйымы алтыншы орында тұр. Брендтің құны - 2 миллиард доллар. Бір жыл ішінде бренд 335 пайызға өскен. Шілде айында «UFС» компаниясы WME-IMG медиялық агенттікке тиесілі компаниялар тобына 4 миллиард долларға сатылған болатын.
«Adidas» компаниясына тиесілі «Reebok» бренді 800 миллион долларға бағаланып, тоғызыншы орынға жайғасқан.
О. Сансызбай