«Forbes» журналы 2015 жылғы спорттағы ең танымал бренд клубтардың рейтингін жариялады. Бұл туралы ресми сайтында хабарлап отыр.
Клубтар арасындағы ең қымбат брендтер тізімін «Нью-Йорк Янкиз» (661 миллион доллар) бейсбол командасы бастады. Екінші орынға «Лос-Анджелес Лейкерс» (521 миллион доллар) баскетбол клубы жайғасқан. Ал үштікті «Даллас Ковбойз» (438 миллион доллар) америкалық футбол клубы қорытындылап тұр. Ал өткен жылы екінші орында тұрған мадридтік «Реал» бесінші орынға сырғыпты. Клубтың брендтік құны бір жыл ішінде 20 миллион долларға арзандаған. Десе де мадридтік ұжым футбол клубтары арасындағы рейтингте алда тұр.
Ең қымбат спорттық бренд клубтар ондығы:
1. «Нью-Йорк Янкиз» (АҚШ, бейсбол) – 661 миллион доллар
2. «Лос-Анджелес Лейкерс» (АҚШ, баскетбол) – 521
3. «Даллас Ковбойз» (АҚШ, америкалық футбол) – 497
4. «Нью-Ингленд Пэтриотс» (АҚШ, америкалық футбол) – 465
5. «Реал» (Испания, футбол) – 464
6. «Манчестер Юнайтед» (Англия, футбол) – 446
7. «Барселона» (Испания, футбол) – 437
8. «Бавария» (Германия, футбол) – 375
9. «Лос-Анджелес Доджерс» (АҚШ, бейсбол) – 373
10. «Нью-Йорк Никс» (АҚШ, баскетбол) – 361