2014/2015 жылғы футбол маусымында ең көп табысқа кенелген футбол клубтарының рейтингі жарияланды. «Deloitte» компаниясы түзген рейтингте бірінші орынға мадридтік «Реал» орналасқан.
«Корольдік клубтың» 2015 жылғы табысы 577 миллион евроны құраған. Екінші орынға мадридтік ұжымның басты қарсыластары саналатын каталондық «Барселона» орналасқан. Олар өткен маусымда 560 миллион евро қаржыға кенелген. Үштікті манкуниандық «Манчестер Юнайтед» түйіндеп тұр. «Қызыл сойқандар» қаржы қорын 519 миллион евроға молайтқан.
Ең көп табыс табатын футбол клубтарының ондығы:
1. «Реал» (Испания) – 577 млн евро
2. «Барселона» (Испания) – 560.8
3. «Манчестер Юнайтед» (Англия) – 519.5
4. ПСЖ (Франция) – 480.8
5. «Бавария» (Германия) – 474
6. «Манчестер Сити» (Англия) – 463.5
7. «Арсенал» (Англия) – 435.5
8. «Челси» (Англия) – 420
9. «Ливерпуль» (Англия) – 391.8
10. «Ювентус» (Италия) – 323.9