Бүгінде елімізде 41 352 (23,693 ауылдық жерде) спорт нысаны жұмыс істейді. Оның 27 962-сі спорт мектебін қосқанда білім беру объектісі, 13 390-ы дене шынықтыру және спорт нысаны.
Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында өңірлерде 100 дене-шынықтыру және сауықтыру кешеннің құрылысы жүріп жатыр. 2019 жылы оның 13-і пайдалануға берілді.
Ал өткен жылы 14 денсаулық орталығы пайдалануға берілді (оның 7-еуі "Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы бойынша). Тағы 10 нысанның құрылысы аяқталуға жақын.
2020 жылы республикада жергілікті бюджет, демеушілер қаражаты есебінен және МЖӘ шеңберінде 46 спорттық-сауықтыру кешен пайдалануға берілді.
Атап айтқанда, Елбасының 2018 жылы 5 қазандағы Жолдауы аясында 14 дене шынықтыру және спорт кешенінің құрылысы аяқталды (Ақмолада - 2, Ақтөбеде - 1, Алматыда - 2, Жамбыл облысында - 1, БҚО - 1, Қарағанды - 1, ШҚО - 2, Павлодар - 3, СҚО - 1).
Сондай-ақ өңірлерде 32 спорт кешен пайдалануға берілді (Ақмола - 1, Ақтөбе - 2, Алматы - 1, Атырау - 2, Жамбыл - 11, Батыс Қазақстан - 3, Қарағанды - 2, Қызылорда - 4, Қостанай - 1, Маңғыстау - 1, Павлодар - 2, Түркістан - 1, Нұр-Сұлтан - 1). Алматы облысында Олимпиадалық дайындық базасының құрылысы бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
2020 жылы қарашада Нұр-Сұлтан қаласында 7 мың жанкүйерге арналған жеңіл атлетика спорт кешені пайдалануға берілді. Жалпы ауданы - 36 657 мың шаршы метр. Спорт кешені жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) сертификатына ие болды.
Мемлекет басшысының бастамасымен аты аңызға айналған балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі Нұр-Сұлтандағы Жекпе-жек сарайына берілді.