Футболдан Қазақстан премьер-лигасы тарихындағы ең жылдам соғылған гол рекорды жаңарды. Айтулы рекорд IX турдағы «Тобыл» (Қостанай) мен «Ордабасы» (Шымкент) кездесуінде тіркелген.
Қазақстан чемпионатындағы ең жылдам гол (осыған дейінгі) 2001 жылы соғылған болатын. Семейде жергілікті «Елімай» клубының шабуылшысы Юрий Митяев «Есіл» (Көкшетау) клубының қақпасына 19 секундта гол соққан. Ал «Тобыл» мен «Ордабасы» ойынында 18 секундта гол соғылды. Рекордтық голдың авторы – шымкенттік клубтың өзбекстандық легионері Александр Гейнрих.
Айта кетейік, ел премьер-лигасының XI тур ойындары 7 мамыр күні өтеді. Х тур қорытындысы бойынша «Ақтөбе» көш бастап келеді.
Ұқсас жазбалар
Бес секундта да гол соғуға болады (видео)
«Ақтөбе» премьер-лигада бірінші орынға шықты (видео)