Дрогба "Галатасарайда" доп тебеді

Дрогба "Галатасарайда" доп тебеді

«Галатасарай» клубы «Шанхай Шеньхуа» сапында өнер көрсетіп жүрген Дидье Дрогбаны сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын ресми түрде хабарлады.

CNN Turk ақпаратына сенер болсақ, Дрогба түрік клубымен бір жылдық келісім-шартқа отырған.

Естеріңізге сала кетсек, Дидье өткен жылдың қараша айында қысқы трансферлік мерзімнен бұрын «Челсиге» оралуға ФИФА-дан рұқсат сұраған еді, бірақ ивуариялық футболшы өз дегеніне жете алмаған болатын.

Егер «Галатасарай» 34 жастағы футболшыға байланысты келіссөздерді сәтті аяқтаса, Дрогба клубтың тағы бір жаңа ойыншысы Уэсли Снейдермен бірге Чемпиондар Лигасында өнер көрсетуі әбден мүмкін.

Айта кетсек, 1/8 финалында Истанбулдық клуб «Шальке-04» командасымен күш сынасады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: rsport.ru

Ж. FM