Әлемге әйгілі ивуарлық шабуылшы Дидье Дрогба "Челсидың" бапкерлік қызметіне ауысып қалуы мүмкін.
Ивуaрлықтың Лондонға жол тартуы үшін, аталған клубтың өкілдері бар мүмкіндіктерін салуда. Ол қатарда "ақсүйектердің" жаңа жаттықтырушысы Жoзe Мoуриньюдің де есімі аталып отыр. Білікті маман Дидьeнің тас қамал бұзып өтер қабілетін ұмытпаса керек-ті.
Қазіргі таңда 35 жастағы футболшы "Галатасарай" сапында өнер көрсетіп келеді. Арадағы келісімнің тәмәмдалуына бір жыл бар екен.
Mirror хабарлайды, Дрогба осы жаз маусымы аяқталғанша немесе ендігі жылы лондондық "Челсиге" ауысып баруы мүмкін. Бар мәселе түрік клубымен ортақ келісімде. Және оған дейін жастар құрамына жаттықтырушылық ету және "ақсүйектердің" шабуыл шебін күшейту міндеті күте тұрмақ.
"Чeлси" басшылығы ивуaрлықтың біліктен жаңылмас білгірлігіне сенімді.
Cурет: krasnodar-fk.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек