- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Дикинсон Оппонгтың "субұрқағы"...
Дикинсон Оппонгтың "субұрқағы" (видео)
Орта есеппен алғанда адам ағзасында бір литр суға орын табылар, бірақ, "адамзаттан асып түскен" ганалық Диккинсон Оппонг 90 секунд ішіне өз ағзасына 4,5 литрді суды қабылдайды. Сосын әлгі суды іштен шығарып, түгесілмес субұрқағын көз алдыңызға келтіреді.
Ересек адамның денесі шамамен 50-65 пайызға судан тұрады, және судың осы бір мөлшері өмір сүруге ауадай қажетті. Алайда, қысқа уақыт аралығында көп су ішу қауіпті саналады. Бүйрек сұйықтың мол мөлшерін қабылдай алмай, ағза жолында су қан ағу жүйесіне түседі. Артылған су қанмен араласып, гипонатриемия секілді ауру түрін туғызуы мүмкін.
Гана азаматының бұл қайталанбас ерлігі ғылым мен адамзатты күреске (ауыспалы мағынада) шақыруда. 46 жастағы ер адам судың көп мөлшерін бір жарым минутта ішіп қана қоймай, сонымен қатар саулығы сол қалпында қала береді.
Физиологиялық тұрғыдан бұл құбылысты түсіндіріп беру мүмкін болмай отыр. Соған қарағанда, Дикинсонның ағзасы 4-5 есе созылатын әбден ықтимал.
Диккинсон Оппонг өз ағзасының бұлшық еттерін басқара алатындықтан бүкіл жұтқан суды жұтқыншақтан кері атқылатып шығарады. Түсіндіру қиын, түсіну үшін төмендегі бейнебаянға үңілейік:
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: nnm.me
Л. Лига