ЧЛ. Финал. Юпп Хайнкес: "Біздің команданың шоқтығы биік тұр!"

ЧЛ финалдық матчының басталуына да санаулы сағаттар қалды. Осыған байланысты финалдық матчтың екінші бір қатысушысы мюнхендік "Бавария" клубының бас бапкері Юпп Хайнкес баспасөз маслихатында алдағы финал жөнінде өз пікірімен бөлісті. Сонымен Хайнкестің ойынша, егер "Бавария" чемпиондар Лигасының финалында өз ойынын көрсете алса, міндетті түрде жеңіске жетпек. Осы маусымда басқа клубқа ауысатындығы себепті Хайнкес үшін бүгін чемпиондар Лигасының Кубогын жеңіп алудың соңғы мүмкіндігі. 

"Мен өткен сенбі күні Бундеслигада командаммен соңғы матчты өткіздім. Ал бүгін мен үшін Еуропаның ең беделді кубогын ұстаудың мүмкіндігі туып отыр. Сондықтан да мен тек қана жақсылыққа үміттенемін. Мен өз командамның мүмкіндігін жақсы білемін. Бұл жөнінде мен "Барселона" және "Ювентус" сияқты клубтармен болған матч алдында да айтқан едім. Сол кезде бәрі де бізді оутсайдерге санаған. Мен әрқашан да бұл турнирде жеңіске жетудің мүмкін екеніне сендім. Қазір біздің команданың шоқтығы биік тұр! Егер жұмылған жұдырықтай болып біріксек, бүгін жеңіс біздің ауылда болатынына еш күмән жоқ",-деді Юпп Хайнкес. 

Журналистердің болуы мүмкін пенальти сериясы жөніндегі сұрағына Хайнкес былай деді: "Біз матчқа барлық жағынан да дайындалдық. Ал пенальтиді орындау дайындықпен келмейді. Жаттығу кезіндегі және дәл осындай финалдағы пенальтидің айырмашылығы жер мен көктей".  

Ал чемпиондар Лигасындағы "Баварияның" үздік бомбардирі (8 гол), жартылай қорғаушы Томас Мюллер болса "Сіздің команданың ұсал тұсы қайсы?" деген сұраққа: "Бұл жөнінде дортмундтықтардан сұрау керек. Меніңше біздің командада көзге бірден ұратын үлкен кемшілік жоқ",-деп жауап қайырды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: prosport-ru.tsn.ua