Түрғылықты мекен-жайлары жоқ ойыншылардан құралған Чили футбол құрамасы әлем біріншілігін жеңіп алды. Бұл туралы жарыстың ресми сайты хабарлайды.
Мексика астанасы Мехиконың Сокало атты орталық стадионында өткен Жарыстың финалық ойынында Чили құрамасы Мексика құрамасын 8:5 есебімен тізерлетті. Жалпы бұл жарысқа әлемнің әр елінен 50-ден астам ерлер командасы бақ сынасты.
Ал әйелдер арасында 15 команда қатысып, жеңіс тойын алаң иелері Мексика құрамасы Бразилиялық аруларды 6:2 есебімен ұтып, үйсіздер арасындағы 2012 жылғы чемпион атады.
Айта кетейік, үйсіздер арасындағы биылғы әлем біріншілігі 10-14 қазан аралығында Мексикада өтті. Бұл турнирге тек тұрғылықты мекен-жайлары жоқ әуесқой аяқдопшылар ғана қатыса алады. Жарыс аясында ойыншылар футбол ойнап қана қоймай, сонымен қатар ем-дом да қабылдап қайтады.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: vesti.kz