Чемпиондар лигасында мадридтік «Атлетиконың» тарихындағы алғашқы алаңнан қуылды. Түнде өткен ойында клубтың португалиялық жартылай қорғаушысы Тьяго Мендеш қызыл қағаз алды.
Футболшы 77 минутта екінші сары қағазын алып, кездестіруді жалғастыра алмады. Нәтижесінде клуб тарихындағы (Чемпиондар лигасы) алаңнан қуылған алғашқы ойыншы атанды. Осыған дейін Чемпиондар лигасында «Атлетикодан» ешбір ойыншы кездесуді мерзімінен бұрын аяқтамаған екен.
Айта кетейік, Леверкузенде өткен ойында «Байер» бір доп басымдығымен жеңіске жетті. Неміс ұжымына жеңіс сыйлаған голды 57 минутта Хакан Чалханоглу соқты.
Оқи отырыңыз
Чемпиондар лигасы. Месси Англияда пенальти орындай алмады (видео)
Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады
Чемпиондар лигасы. Тең есептер тіркелді (видео)
Чемпиондар лигасы. «Бавария» - жеңеді, «ПСЖ» - жеңілмейді