- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Чемпиондар лигасына қатысатын...
Чемпиондар лигасына қатысатын клубтар саны қысқаруы мүмкін
Клубтар арасындағы футболдан Еуропаның басты додасы саналатын Чемпиондар лигасына үлкен өзгерістер енуі мүмкін. Турнирдің топтық кезеңіне өтетін клубтар саны екі есе қысқарады деп күтілуде.
Британияның «The Telegraph» басылымы таратқан ақпарат бойынша, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығатын клубтар саны 32-ден 16-ға дейін қысқаруы мүмкін. Жарыстың жаңа жобасы мақұлданып жатса, 2018/2019 жылғы маусымнан бастап өзгеріске ұшырайды.
Басылым таратқан ақпарат бойынша, Чемпиондар лигасының өзгерісін Испания, Италия мен Германияның белді ұжымдары қолдап отыр екен. Себебі, турнир қаржы сыйақысы бойынша ағылшын премьер-лигасынан аз көрінеді. Сондай-ақ соңғы уақытта жанкүйерлердің жарысқа деген қызығушылығы төмендеген.
Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі өзгерістер қабылданатын болса, 16 клуб екі топқа ғана бөлінетін болады. Топтық кезең Жаңа жылдан кейін аяқталып, плей-офф кезеңі ширек финалдан басталуы жоспарланған.
О. Сансызбай