- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Чемпиондар лигасы. Роналду...
Чемпиондар лигасы. Роналду мансабындағы 500-голын соқты
Футболдан Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі екінші ойындар аяқталды. Назарларыңызға доданың екінші күні орын алған басты оқиғалар туралы айта кетпекпіз.
«А» тобы. Роналду Мессиден озып барады
Мадридтік «Реал» сырт алаңда Швецияның «Мальме» клубын 2:0 есебімен жеңді. Екі голды да Криштиану Роналду соқты. Португалдық шабуылшы спорттық мансабындағы 500 және 501-голдарын соғып, Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендер көшінде Лионель Мессиден ұзай түсті.
Аутсайдерлер гол соққан жоқ
Бұл топтық аутсайдерлері саналған «Мальме» мен донецкілік «Шахтер» әлі гол соққан жоқ. Украиналық клуб екінші турда Париждің «ПСЖ» клубынан 3:0 есебімен ойсырай жеңілді.
«В» тобы. Барлығының ұпайы бірдей
Екі турдан кейін «В» тобындағы командалардың нәтижелері тең дәрежеде. Екінші турда мәскеулік «ЦСКА» өз алаңында Эйндховеннің «ПСВ» клубын 3:2 есебімен ұтса, «қызыл сойқандар» өз алаңында «Вольфсбургтен» 2:1 есебімен басым түсті.
«С» тобы. «Бенфиканың» ұпайы түгел
Бұл топта елордалық «Астана» бақ сынап жатыр. Өз алаңында «Галатасараймен» тең ойнап, топтық кезеңдегі алғашқы ұпайларына ие болды. Ал екінші ойында мадридтік «Атлетико» өз алаңында Лиссабонның «Бенфика» клубына ұтылды. Кездесуде 2:1 есебімен қонақтар жеңіске жетті. Нәтижесінде екі ойында да жеңіске жеткен португалдық клуб топта 6 ұпаймен көш бастады.
«D» тобы. «Ювентусқа» Чемпиондар лигасы маңызды
Туриндік «Ювентус» өз алаңында «Севильяны» ұтты. Ішкі біріншілікті өте сәтсіз бастаған Максимилиано Аллегри шәкірттерінің Чемпиондар лигасындағы ұпайы түгел. Ал бірінші ойында осы «Ювентустан» ұтылған «Манчестер Сити» екінші турда менхенгладбахтық «Боруссиядан» басым түсті.
Чемпиондар лигасының үшінші турындағы ойындар 21-22 қазанда өтеді. Қазақстандық «Астана» мадридтік «Атлетикода» қонақта болады.
О. Сансызбай