Чемпиондар Лигасы. Финалдық кездесуде Никола Риццоли төрелік етеді

Чемпиондар Лигасы. Финалдық кездесуде Никола Риццоли төрелік етеді

Италиялық төреші Никола Риццоли «Бавария» мен «Боруссия» арасындағы Чемпиондар Лигасының финалдық кездесуінде төрелік ететін болды. Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастығының (УЕФА) ресми сайты хабарлайды.

«Уэмбли» стадионында өтетін финалдық кездесуде бас төрешіге қапталдан отандастары Ренато Фаверани мен Андреа Стефани көмектесетін болады. Кездесу барысында төртінші төреші қызметін словениялық Дамир Скомина атқарады. Ал УЕФА жетекшілері финалдық кездесуде қақпа артындағы төрешілер ретінде тағы да италиялық төрешілер – Джанлука Рокки мен Паоло Тальявентоны таңдапты. Қосымша төреші Джанлука Карьлота болып тіркелген.

Айта кетейік, 41 жасар төреші Никола Риццоли осы уақытқа дейін Чемпиондар Лигасының аясында 26 кездесуде қазылық еткен. Оның ішінде төрт кездесуін 2012/13 жылғы маусымда өткізген.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: football.kulichki.net

Ю. НИКУЛЛИН