Чемпиондар Лигасы. «Барселона» өз алаңында Мессисіз ПСЖ-ға қарсы тұрмақ

Чемпиондар Лигасы. «Барселона» өз алаңында Мессисіз ПСЖ-ға қарсы тұрмақ

Бүгін түнде Чемпиондар Лигасының ширек финалдық кездесулері жалғасатын болады.  Париж төрінде 2-2 есебімен тең тарқасқан «Барселона» мен «ПСЖ» командалары жартылай финалдық  жолдаманы сарапқа салады.

Бұл қос команда арасындағы «Стад де Париж» майданында өткен алғашқы кездесу 2-2 есебімен тең аяқталған болатын. Бұл көрсеткішпен әрине, «Барселона» клубы бір аяғымен жартылай финалда десе болады. Дегенмен Карло Анчелотти шәкірттері де бүгінгі «Камп Ноу» стадионында өтетін кездесуде оңайлықпен жеңілмейтіні о бастан белгілі. Париждіктердің сапында бүгінгі кездесуде бірнеше өзгеріс орын алуы мүмкін. Бірінші кезекте cары қағазды шектен көп алып қойған команданың жартылай қорғаушысы Блез Матюйди кездесуге қатыса алмайды. Негізіген бұл ойыншы жоқ кезде орнын Тьяго Мотта басып жүрген. Бірақ, бұл ойыншы да жарақатына байланысты Каталонияға келмеген. Сондай-ақ клубтың негізгі орталық қорғаушылары саналатын Алекс пен Тьяго Силвада да аздап жарақат бар. Десе де, олар командамен бірге Испанияға келді. Сондықтан да оларды біз алаңнан көріп қалуымыз мүмкін.

«Барселона» ұжымында да айтарлықтар проблемалар бар. Бірінші кезекте ол – Лео Мессидің жарақат алып қалуы. Жорди Роураның айтуынша, бүгін Месси ойынға қатысатын футболшылардың қатарында болады екен. Бірақ, алаңға шығу, шықпауы белгісіз. Аргентиналық қорғаушы Маскерано да жарақатына байланысты бүгінгі кездесуге қатыса алмайды. Сонымен қатар ауыр жарақат алған команданың капитаны Пуйольдің да алаңға шықпайтыны белгілі. «Блауграна» үшін жағымды жаңалық та бар. 2012 жылдың басынан бері ем-дом қабылдаған Эрик Абидаль сапқа қайта қосылды. Естеріңізге сала кетейік, бұл футболшы былтыр бүйірін ауыстырған болатын. Футболда мұндай оқиғалар жиі бола бермейді. Сондықтан да Эриктің жасыл алаңға қайта оралғаны бұл нағыз күтпеген жәйт еді.

«Барселона» командасының екінші көмекші бапкері Жорди Роура: «Мен Париждегі 2-2 есебімен аяқталған ойынға дән ризамын. Алдағы ойында «ПСЖ» тактикалық тұрғыдан үлкен бір өзгеріс жасайды деп айта алмаймын. Сондықтан да біз өз мәнерімізде ойнайтын боламыз. Біздің комананың сапында көптеген ойыншылар жарақат алып қалды. Дейтұрғанмен бүгінгі ойында олардың орнын жастар жоқтатпайды. Алдағы матчта тек қана жеңіс үшін ойнайтын боламыз».

«ПСЖ» командасының бас бапкері Карло Анчелотти: «Егер бүгін алаңғы Месси шықпаса, біздің келесі кезеңге өтумізге бір қадам жақындай түсеміз. Әлемдегі ең мықты командаға қарсы ойнау үшін бірінші кезекте өз-өзіңе сенімді болу керексің. Мен жаттығу барысында шәкірттеріме осыны айттым. Мен еш қобалжып тұрғаным жоқ. «ПСЖ» Чемпионар Лигасының ширек финалына дейін жеткеніне өте қуаныштымын. Дегенмен біз бұл жетістігімізбен тоқтап қалғымыз келмейді».

Керек-дерек: Чемпиондар Лигасының төрт дүркін жеңімпазы «Барселона» алтыншы рет қатарынан бұл доданың жартылай финалына шыққалы тұр. Әрине, бүгін «ПСЖ» командасынан өтсе. Дегенмен статистикаға қарайтын болса, ЧЛ аясында өз алаңында өткізген соңғы 20 кездесуде «Барселона» жеңіліс таппай келеді.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: livesport.ru

Ю. НИКУЛЛИН