Сәуірдің 3 күні, Париж – Еуропада Чемпиондар Лигасы аясында өткен алғашқы ширек финалдық кездесулер өтті. Каталондық «Барселона» қонақта француздық ПСЖ-мен тең тарасты. Есеп – 2-2.
Ойынның 38-минутында қонақтардың көшбасшысы Лионель Месси Дани Алвештің берген керемет пасынан кейін есеп ашты. Кездесудің 80-минутында Златан Ибрагимович есепті теңестірді. Тартысты кездесудің 90-минутында Алексис Санческе қарсы ойын тәртібі бұзылғаны үшін төрешінің белгілеген 11метрлік айып соққыны Хавидің өз пайдасына шеше алғанынан соң қонақтар жеңісті жұлып әкеткендей болып көрінген болатын. Бірақ, қосымша уақыттың 4-минутында Матуиди париждіктерге тең ойын сыйлай білді.
Айта кетсек, аталған командалар арасындағы ширек финалдық қарымта ойын 10 сәуір өтеді.
Чемпиондар Лигасы, 1/4 финал
ПСЖ (Франция) – «Барселона» (Испания) – 2:2 (0:1)
Голдар: 0:1 – Месси (38), 1:1 – 79 Ибрагимович (79), 1:2 – Хави (90, пенальти), 2:2 – Матуиди (90+4).
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/iKNQg4SxJho","width":"450","height":"314"});
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: sport-express.ua