Чемпиондар Лигасы. "Барселона" мен ПСЖ тең тарасты

Чемпиондар Лигасы. "Барселона" мен ПСЖ тең тарасты

Сәуірдің 3 күні, Париж – Еуропада Чемпиондар Лигасы аясында өткен алғашқы ширек финалдық кездесулер өтті. Каталондық «Барселона» қонақта француздық ПСЖ-мен тең тарасты. Есеп – 2-2.

Ойынның 38-минутында қонақтардың көшбасшысы Лионель Месси Дани Алвештің берген керемет пасынан кейін есеп ашты. Кездесудің 80-минутында Златан Ибрагимович есепті теңестірді. Тартысты кездесудің 90-минутында Алексис Санческе қарсы ойын тәртібі бұзылғаны үшін төрешінің  белгілеген 11метрлік айып соққыны Хавидің өз пайдасына шеше алғанынан соң қонақтар жеңісті  жұлып әкеткендей болып көрінген болатын. Бірақ, қосымша уақыттың 4-минутында Матуиди париждіктерге тең ойын сыйлай білді.

Айта кетсек, аталған командалар арасындағы ширек финалдық қарымта ойын 10 сәуір өтеді.

Чемпиондар Лигасы, 1/4 финал

ПСЖ (Франция) – «Барселона» (Испания) – 2:2 (0:1)

Голдар: 0:1 – Месси (38), 1:1 – 79 Ибрагимович (79), 1:2 – Хави (90, пенальти), 2:2 – Матуиди (90+4).

 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sport-express.ua

А. Құлтай