Челси Торреске бір айлық ультиматум қойды

Челси Торреске бір айлық ультиматум қойды

Испания құрамасы мен Лондондық "Челси" клубының шабуылшысы Фернандо Торрес жақын арада клуб ауыстыруы мүмкін. Бұған себеп футболшының алаңда таза 10 сағат бойы бірде-бір гол соға алмауы болып отыр. Осы көрсеткіші арқылы ол тіпті клубтың жаңа бапкері Рафаэль Бенитес тарапынан негізгі ойыншылар қатарына шақыртылмауы әбден мүмкін, деп жазады Daily Mirror.

Ағылшын баспасөзі хабарлағандай, "ақсүйектер" Торреске өз қатесін түзеп, шеберлігін көрсетуге бір ай уақыт берген екен. Егер осы уақыт ішінде жағдай өзгермейтін болса, онда клуб испандық жігітпен қош айтысатын болады.

Егер Торрес клубтан кеткен жағдайда, оның орнын украиндық "Металлист" клубының шабуылшысы Тайсон ауыстыруы мүмкін деген сыбыс бар. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: chelsearus.com

Б. Қосмағамбет