Роман Абрамовичтің командасы жаңа бапкер іздестіруде. Ағылшындық «Челси» ұжымының жетекшілері жуық арада дортмундтық «Боруссия» командасының бас бапкері Юрген Клоппен кездесетін болады.
Кездесу барысында неміс маманның лондондық команданың тізгінін ұстауы туралы мәселе қаралмақшы. Былтыр «Челси» командасы 45 жасар бұл маманға ұсыныс жасап көрген болатын. Дегенмен, Юрген Клопп ол кезде Роман Абрамовичтің ұсынысынан бас тартып, «Боруссия» командасымен келісім-шартын 2016 жылға дейін ұзартқан. Енді «ақсүйектер» өздерінің қазіргі бапкері Рафаэль Бенитестің жұмысына көңілдері толмай, неміс маманына қайта ұсыныс жасайтын болады.
Егер дортмундық команданың бас бапкері Юрген Клопп «Челси» командасына өтуді мақұлдаса, онда «Боруссия» жетекшілері командаға «Лацио» клубының бас бапкері Владимир Петковичті шақырамыз деп мәлімдеген.
Ал егер, Юрген Клопп «Боруссиядан» ешқайда кетпейтін болса, онда «Челси» клубы Жозе Моуринью («Реал»), Дэвид Мойес («Эвертон») және Мануэль Пеллегрини («Малага») сынды атақты бапкерлердің біреуін командаға шақыратын болады.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: bvb09.ru