Лондондық "Челси" өз алаңында "Ньюкасл" командасын 2:0 есебімен жеңіп, қайтадан Англия чемпионатының көшін бастады.
Кездесудің 22-минутында пенальтиден Эден Азар есеп ашты. Ал бірінші таймның аяғында соғылған голдың авторы Торрес болды. Үш ойында 9 ұпай жинаған "көктер" енді Англия чемпионатының бірінші орнында.
Екінші орынға "Вест Хэм Юнайтед" 3:0 есебімен ойсырата жеңген "Суонси" Сити" тұрақтады. Ол екі ойында 6 ұпайға қол жеткізді.
Басқа ойындардың нәтижелері:
"Суонси Сити" - "Вест Хэм Юнайтед" - 3:0
"Астон Вилла" - "Эвертон" - 1:3
"Манчестер Юнайтед" - "Фулхэм" - 3:2
"Норвич Сити" - "Куинз Парк Рейнджерс" - 1:1
"Саутгемптон" - "Уиган Атлетик" - 0:2
"Тоттенхэм Хотспур" - "Вест Бромвич Альбион" - 1:1
"Манчестер сити" - "Ливерпуль" - 2:2
"Арсенал" - "Стоук" - 0:0
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: chelsea-fans.com