"Челси" қайтадан Премьер лиганың бірінші орнын иеленді

"Челси" қайтадан Премьер лиганың бірінші орнын иеленді

Лондондық "Челси" өз алаңында "Ньюкасл" командасын 2:0 есебімен жеңіп, қайтадан Англия чемпионатының көшін бастады.

Кездесудің 22-минутында пенальтиден Эден Азар есеп ашты. Ал бірінші таймның аяғында соғылған голдың авторы Торрес болды. Үш ойында 9 ұпай жинаған "көктер" енді Англия чемпионатының бірінші орнында.

Екінші орынға "Вест Хэм Юнайтед" 3:0 есебімен ойсырата жеңген "Суонси" Сити" тұрақтады. Ол екі ойында 6 ұпайға қол жеткізді.

Басқа ойындардың нәтижелері:

"Суонси Сити" - "Вест Хэм Юнайтед" - 3:0

"Астон Вилла" - "Эвертон" - 1:3

"Манчестер Юнайтед" - "Фулхэм" - 3:2

"Норвич Сити" - "Куинз Парк Рейнджерс" - 1:1

"Саутгемптон" - "Уиган Атлетик" - 0:2

"Тоттенхэм Хотспур" - "Вест Бромвич Альбион" - 1:1

"Манчестер сити" - "Ливерпуль" - 2:2

"Арсенал" - "Стоук" - 0:0

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: chelsea-fans.com 

Ж. FM