- Негізгі бет
- Бұл қызық
- «Челси» жаңа маусымға...
«Челси» жаңа маусымға арналған жейделерінің үлгісін таныстырды (видео)
Лондонның «Челси» футбол клубы 2015/2016 жылғы маусымға арналған жаңа жейделерінің үлгісін таныстырды. Клубтың жаңа жейделерінің алдына «Yokohama» бренді таңбаланған. «Ақсүйектер» өз алаңында көк түсті жейдемен өнер көрсетсе, қонақта ақ және қара түсті жейдемен алаңға шығатын болады.
Роман Абрамовичтің клубы 2005 жылдан бері «Samsung» компаниясымен демеушілік келісімшартта бірлесе жұмыс жасап келген еді. Енді алдағы маусымнан бастап лондондық клуб жейделерінде «Yokohama» компаниясын жарнамалайтын болады. Ол үшін клубқа жапон компаниясы жылына 55 миллион евро төлейтін болады. Ал ағылшын премьер-лигасында жейдедегі жарнама үшін ең көп қаржыны «Манчестер Юнайтед» командасы алады. «Қызыл сойқандарға» «Chevrolet» компаниясы жылына 72 миллион евро төлейді. «Челси» болса, екінші орында.
О. Сансызбай