Еуропалық клубтар қауымдастығы (ECA) өткен маусым қорытындысы бойынша "Челсиді" Еуропаның Жыл Клубы деп таныды.
ECA-ның мәлімдеуінше, "көктерге" бұл марапат 2011/2012 маусымында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктері үшін берілген.
Естеріңізге сала кетсек, «Челсидің» бас бапкері Роберто Ди Маттеоның шәкірттері өткен маусымда Англия кубогы мен Чемпиондар Лигасын жеңген еді. Ағылшын Премьер Лигасында бар болғаны алтыншы орынға тұрақтағанына қарамастан, бұл "көктердің" еуропаның ең айтулы марапатын иеленуіне еш кедергі бола алмады.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: young.rzd.ru