1. Бокатор
Бұл 1700 жыл бұрын Анкгора армиясында пайда болған соғыс өнері. «Бокатор» сөзінің аудармасы - «арыстанға соққы беруші». Аңызға сәйкес, осы соғыс өнерін меңгеріп жүрген шәкірт арыстанмен бетпе-бет кездесіп қалады. Жас жауынгер оны тізесінен бір ұрып жығып, мерт қылады. Азияның өзге соғыс өнері секілді бокатор да жануарлардың іс-әрекеттерін қайталаудан құралған. Оның басқалардан айырмашылығы – қатігездігі мен дайындалу әдісінде. Ұзақ жылдар бойы бокаторға үнемі айлалы тәсілдер қосылуда.
2. Ережесіз соғыс
Бұл соғыс өнерінің түрін «ұр да жық» немесе «ұр да өлтір» деген дұрыс болар еді. Өйткені бұл соғыс өнерін пайдаланудың басты мақсаты – қарсыласыңды қалай да өлтіру. Соғыс техникасы XVIII-XIX ғғ аралығында АҚШ-та пайда болған. Әсерлі тәсілінің бірі – көзді шығарып жіберу.
Бұл өнерді меңгергендерден мықтылардың мықтысы қорқатын болған. Кейбіреулері соғысып жатқан кезде құлақ, саусақ, мұрын, ерін дегендерді тістеп алу үшін тістерін арнайы қайрайды. Бұл өнердің осы заманда кең етек алмауы айтпаса да түсінікті болар.
3.Баком
Соғыс өнерінің бұл түрі Лиманың (Перу) шалғай аймақтарында пайда болған. Ол тек қарсыласты жылдам өлтіруге үйретіп қана қоймай, жасырын қаруларды қолдануға дайындайды. Оның негізін 1980 жылы жаяу әскер құрамында болған атышулы қылмыскер Роберто Пуч Безада қалаған.
Баком заманауи джи-джутсу мен вале-тудоның қосындысына ұқсайды. Онда білекті сындыру, тұншықтыру, өмір үшін аса маңызды ағзаларға соққы беру секілді айлалы тәсілдер бар. Мұның барлығы қарсылас түсінбей қалу үшін орасан шапшаңдықпен жасалады.
4. Лердрит
Бұл – муай-тайдан бастау алып, ақырында тайлық командостармен шынығуға апаратын заманауи соғыс тәсілі. Кейбір айырмашылықтарын ескермегенде, тәсілдері осы екі соғыс өнеріне ұқсас. Жауынгерлерді ескертусіз төбелесті бастап, жылдамырақ жерге жатқызып, қатерлі соққы беруге үйретеді (аяқпен тамаққа соққы беру немесе шынтақпен шекеге ұру).
Соғысушының өзіне зақым келмес үшін соққыны дененің ең қатты бөліктері шынтақ, тізе, алақан, аяқ арқылы береді. Өзге соғыс тәсілдері секілді ледрит те қарсыласты жойып, толықтай құртып жіберу үшін ойлап табылған.
5. Дамбэ
Ежелгі Мысырдың боксына негізделген Хаус тайпасының (Батыс Африка) ажалды соғыс өнері. Дамбэнің басты қаруы қолға байланған қалың арқан мен аяққа оралған темір шынжырлар. Заманауи жауынгерлер айқасқа шықпас бұрын марихуананы тартады.
6. Жүйе
Басты ерекшелігі дененің шынтақ, мойын, тізе, іш, тобық секілді жанды бөліктеріне әсерлі соққы беру болып табылады. Айқасты жүргізу тәсілі биомеханика заңына негізделіп, көп уақытты қарсыластың жанды жерін пайдаланып қалу үшін жұмсайды. Ол тек классикалық үлгіде 2 адамның айқасуымен шектелмейді. Мысалы, бір адам әртүрлі қарумен шабуылдайтын спарринг қарсыластарымен шынығады.
7. Түрмелік жазмыш
Аты айтып тұрғандай АҚШ-тың түрмесінде пайда болған соғыс өнері. Барысында ойын карталарын жерге шашып қойып, оны толықтай жинап алғанша, бірнеше адам жинаушыны соққыға жығады.
8. Калари Пайат
Көпшілік оны Үндістанның оңтүстік аймағында пайда болған Керале өнерінің жалғасы деп ойлайды. Аңызға сәйкес, Калари Пайаттың негізін қалаушы үндістер құдайы. Мұнда жекпе-жек соғыс тәсілдері де, қару да қолданылады. Калари Пайаттың бір түрі – Марма Арти (қарсыластың жанды жерлерін семдіріп жіберу). Сол себепті Калари Пайатты үйрену үшін медицина саласын да жақсы меңгеру керек.
9. Силат
Бұл Малайзия, Сингапур, Филиппин баукеспе ұрылары қолданатын соғыс өнері. Осы күндері оның тәсілдерін Оңтүстік Қытайда пайдаланады. Силат атауы рандей биінің бір элементі «силек» сөзінен шыққан. Бұл тек соғыс тәсілі емес, бидің бір түрі.
10. Окичито
Үндістердің ежелгі соғыс өнері. Оны дзюдо, тхэквондо, хапкидо өнерлерін игеруші Джордж Лепин ойлап тапқан. Окочито да айкидо секілді қару-жарақтың жоқтығына қарамастан, оны қолданып жатқандай соққы береді. Мысалы, жауынгерлердің қолдары айбалтаны қайталаса, аяқтары найзаны келтіреді. Мұнан өзге пышақты да жақсы қолданады.
Соғыстың қай тәсілі болмасын, қорғану үшін ғана шығарылған болатын, заман өзгере келе өнерге айналды.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rudaki.ru