Швейцарияда өткен «Алтын доп» иегерін марапаттау кешінен кейін белгісіз біреулер Криштиану Роналдудың Фунчаледегі (туған қаласы) ескерткішін зақымдаған. Бұзақылар футболшы ескерткішінің артқы бөлігіне аргентиналық сұрмерген Лионель Мессидің есімін жазып кетіпті.
Айта кетейік, Цюрихте марапаттау кешінде Лионель Месси спорттық мансабындағы 5-ші «Алтын добын» жеңіп алған болатын.