Хоккей әлемінде аты баршы жұртқа танылып үлгерген Дамир Рыспаевтың Қазақстанның ішкі біріншілігінің плей-офф сериясында көрсеткен дөрекі әрекеті спортсүйер қауымды таң қалдырып отыр.
"Алматы" мен "Номад" құрамаларының арасындағы кездесудің 24 минутында Дамир Рыспаев "Алматы" құрамасының капитаны Александр Долишнюді өз бетімен тұрған жерінде итеріп кеткен болатын.
Дамир Рыспаевтың "Барыс" құрамасынан дисквалификацияланғанын ескерсек, бұл спортшының әлі де болсын "ашуының" тарқамағаны болар.