- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Британдық спортшы бір...
Британдық спортшы бір тәулікте 11 келі тастаған
Росс Эджели есімді британдық спортшы өз денесімен қайталанбас зерттеу жасаған. 28 жастағы азамат 24 сағат ішінде 11 келіге арықтап кеткен. Росс бұл ісі арқылы адам денесінің құрамындағы майдан ғана емес, одан басқа да факторлардан өзгеріске ене алатындығын дәлелдемек болыпты.
Ол өзінің салмағы 95 келі болып, теория бойынша оның дене құрамының 50-70 пайыз аралығында су болуын есептей келе, өзіне зәр шығару және терлеу порцесі арқасында барынша көп салмақ жоғалтуды мақсат қояды.
Алдын ала дәрігерлермен ақылдасып алған Росс өзінің зерттеуін тұзды ванна мен құрамында диуретиктері бар 100 мл су ішуден бастаған. Ал бұған дейінгі 12 сағатта ол су да, тамақ та қабылдамағанын айтқан. Себебі тамақ пен су құрамында тұз бар, сол себепті ағза құрамында артық сұйықтық қалуы мүмкін емес екен. Тәулік бойы спортшы полиэтилен пакеттерін киіп жүрген, саунаға барып, түрлі дене жаттығуларын жасаумен болған. Ал кеш уақытында салмақ өлшеп көріп, өзінің 11 келіге арықтай алғандығын байқайды.
Десек те, арықтаушы зерттеушінің айтуынша, 11 келі салмақ оған 2 сағат ішінде қайтадан келген. Зерттеу аяқталған соң бұл салмақты тез арада қалай жинап алғаны жайлы спортшымыз айтудан бас тартқан. Күні бойы сұйықтықсыз тамақ ішу қанша қиын болса да, ол ешқандай тамақтан бас тартпаған екен.
Спортшы бұл зерттеуді ешкімнің де қайталамағанын қалайды. Себебі қанша жерден спортшы болса да, бұл зерттеу оның денсаулығына кері әсерін тигізгенін жасырмады.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: furfurmag.ru
А. Құлтай