Осыдан он жыл бұрын футбол Бразилия құрамасын Әлем чемпионы атандырған Луис Фелипе Сколари бүгін екінші мәрте құраманың бас бапкері атануы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.
Өткен жұма күні Бразилия құрамасының бас бапкері Мано Менезес орнынан алынған болатын. Соған орай, Бразилия футбол қауымдастығының президенті Жозе Мария Марин кеше ұлттық құраманың тізгінін ұстайтын адамды табылды деп мәлімдеген болатын.
«Ертең құраманың тізгінін ұстайтын бапкердің есімін атайтын боламыз. Мен бұл бапкерді жанкүйерлер ыстық ықыласпен қабылдайды деп ойлаймын. Бразилия төрінде өтетін Әлем біріншілігінде біз міндетті түрде топ жару керекпіз. Сондықтан біздің құраманы білікті маманға тапсырдық», -дейді Жозе Мария Марин.
Айта кетейік, Сколари 2001 және 2002 жылдары Бразилия құрамасын баптаған болатын. Содан кейін Португалия құрамасының тізгінін ұстаған. Клубтық деңгейде «Челси» және «Бунедкор» командаларын да әр кездері жаттықтырған.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: eurosport.ru