Бразилияға қарсы ойында Эшли Коул негізгі құрамда шығады

Бразилияға қарсы ойында Эшли Коул негізгі құрамда шығады

Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон бүгін Бразилия ойыншыларымен өткізетін жолдастық кездесуде Эшли Коулдің негізгі құрамда шығатынын мәлімдеді. Сәрсенбі күні Бразилия құрамасына қарсы өтетін кездесу «Челси» қорғаушысына Англия жейдесінде өткізетін жүзінші ойын болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, Эшли халықаралық деңгейде өнер көрсетуді 2001 жылы Албания құрамасына қарсы ойында бастаған болатын. 12 жыл ішінде Коул Англия құрамасындағы ең сенімді және тұрақты ойыншылардың бірі саналды.

«Уэмблидегі» бразилиялықтарға қарсы кездесуде Коул Англия құрамасында 100 немесе одан да көп ойнаған үздік 6 ойыншының қатарына қосылады. Олар: Питер Шилтон (125), Дэвид Бекхэм (115), Бобби Мур (108), Бобби Чарльтон (106), Билли Райт (105) и Стивен Джерард (100).

«Коул кездесуді негізгі құрамда бастайды. Ал сосын Коулдың жоқ кезінде өзін жақсы жағынан көрсетіп жүрген Лейтон Бэйнспен не істеуді көремін. Олардың екеуі де ерекше футболышылар, дегенмен, Эшли ойынды негізгі құрамда бастайды», - дейді Ходжсон Sky Sports-қа берген сұхбатында.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: isport.ua

Ж. FM