Бразилияда қақпашы өз айып алаңында тұрып гол соқты (видео)

Бразилияның төменгі лигасында өнер көрсететін «Оперириу» клубының қақпашысы Джонатан өз айып алаңында тұрып гол соқты. Қақпашының гол авторы атануына қолайсыз ауа-райы да өз септігін тигізді.

Джонaтанның өз айып алаңынан бағыттаған соққысы нөсер жаңбырға малынып жатқан алаңға түсіп, бағытын өзгерткен. Нәтижесінде «Насионал» қақпашысының допты қайтаруға мүмкіндігі болмайды. Ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жеткен.

Айта кетейік, дәл осындай гол ел премьер-лигасында да соғылған. 2012 жылы қарағандылық «Шахтер» клубының дублінде ойнап жүрген Сергей Ткачук 80 метрдей қашықтықтан «Сұңқар» қақпасына гол соққан болатын.

 

Сурет: picsfab.com

Оқи отырыңыз

«Ертіс» ойыншысының Ибрагимович стилінде соққан голы (видео)

«Қайрат» пен «Астана» ел чемпионатын жеңіспен бастады (видео)

«Астана - Cуперкубок иегері! (видео)

Футболдан ел премьер-лигасының 2015 жылғы күнтізбесі жарияланды