Бразилия мен футбол ұғымы егіз секілді. Әлемнің футбол тақырыбын қозғағанда ең бірінші ауызға алатыны - Бразилия. Футбол әлемінде талай жаңалықтың жаршысы болған ел бүгінде алғаш болып ергежейлілер футбол клубын да жасақтап шығыпты.
«Гигантес-ду-Норти» деп аталатын команданы кәсіпқой бапкер Карлос Лусена жаттықтырады. Бас бапкердің айтуынша, клубты құрудағы мақсат – ергежейлілерді қоғамнан шеттетпей, оларға назар аудару болып табылады екен.
Ергежейлілерден құралған команда ойыншыларының орташа бойының ұзындығы 120 сантиметрді құрайды. Ал бойы ең кішісі бір метрге де жетпейді. Елдің солтүстік-шығысындағы Белем қаласында жасақталған клуб жасөспірім командалармен кездесулер өткізіп жүр. Қақпашысының бойы 137 сантиметр екен. Оған стандартты қақпада клуб намысын қорғауға мүмкіндігі бар. Соңғы рет Баркарен қаласының жасөспірімдер командасымен жолыққан ергежейлі футболшылар 4:0 есебімен жеңіске жетіпті. Сонымен қатар, айып соққысы сәтінде ергежейлілерден құралған клуб ойыншылары бірінің үстіне бірі шығып қорғаныс шебін құруына рұқсат бар екен.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Yzk20XMKjv4","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: goal.net.ua