Бразилияның Минас-Жерайс штатының ішкі біріншілігінде өнер көрсететін «Демократ» және Тупи» командалары арасындағы ойында оқыс оқиға орын алды. Алаң жигенде тұрған полиция иті босап кетіп, алаң иелерінің ойыншысын тістеп алған.
Офицер шеніндегі полиция қызметкері иттің қарғыбауын абайсызда қолынан шығарып алған. Нәтижесінде «құтырған» ит алаңдағы «Демократ» шабуылшысы Жуан Паулоның cол қолын тістеп алған. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсеткеннен кейін футболшы ойынды соңына дейін жалғастырыпты. Сол қолынан жарақат алған Жуан Пауло кездесу соңынан бірден ауруханаға жөнелтілген.
Сурет: sovsport.ru
Оқи отырыңыз
Это'О «Тутанхамон елесі кезген» үйді сатып алды
2014 жылғы спорттағы ең үздік фотосурет анықталды
Ағылшын жанкүйерлері футболды түрегеп тұрып тамашалағысы келеді