Футзалдан Тайландта өткен әлем біріншілігінде Бразилия құрамасы финалда Испанияны ұтып, бес дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Аталған командалар осыдан бұрынғы Бразилияда өткен финалдық жарыста да кездескен еді. Ол кезде ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталып, матч соңындағы футбол лотереясының қорытындысы бойынша Бразилия әлем чемпионы атанған еді.
Бұл жолғы финалдық матч та дәл сондай сценариймен өрбіген. Ойын аяқталар тұста таблода 2:2 есебі тіркеліп тұрды. Бірақ оңтүстікамерикалықтар сапынан ойынның бітуіне 19 секунд қалған кезде Нето есеп ашып, командасына жеңіс алып келді.
Сонымен матчтың қысқаша қорытындысына зер салайық:
Тайланд. Әлем чемпионаты. Финал
Испания - Бразилия - 2:3 (0:0)
Голдар: Нето 25 (0:1), Торрас 30 (1:1), Айкардо 31 (2:1), Фалькао 37 (2:2), Нето 50 (2:3)
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: sport-express.ua