Футболдан Бразилия ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына бірінші болып жолдама алды. Олар Оңтүстік Америкадағы іріктеу кезеңі аяқталмай жатып жолдама мүмкіндігін шешіп үлгерді.
Тите (Аденор Леонардо Бакши) жаттықтыратын Бразилия құрамасы іріктеу кезеңінде 14 ойыннан кейін 33 ұпай жинады. 2015 жылы сырт алаңда Чилиге қарсы өткен ойында ғана қарсыластарына есе жіберген. Бүгін таңда өз алаңында Парагвай құрамасын 3:0 есебімен жеңген пентакампеондар уақытынан бұрын жолдамаға қол жеткізді.
Әлем чемпионатының Оңтүстік Америкадағы іріктеу кезеңінің аяқталуына 4 тур қалды. Қалған құрамалар қалған үш жолдама мен бір қосымша ойын арқылы берілетін мүмкіндіктерін мүлт жібермеуге тырысатын болады.
Айта кетейік, Ресей құрамасы жарысты ұйымдастырушы ел ретінде әлем чемпионатына іріктеусіз қатысады.