Лондондық «Челси» командасының қорғаушысы Бранислав Иванович Сербия футбол қауымдастығы ұйымдастырған сауалнаманың қорытындысы бойынша, елінің үздік футболшысы атанып, «Алтын допты» алды.
Иванович 2012 жылғы Сербияның үздік ойыншысы атағын өзінің спорттық ғұмырында алғашқы рет жеңіп алып отыр.
«Мен үшін бұл үлкен жетістік. Сені өз елің үздік танып отырғанда үлкен жауапкершілікті мойныңа артасың. Мен өте қуаныштымын. Және де барлық әріптестеріме алғысымды білдіргім келеді. Олардың көмегімен мен көптеген жетістіктерге жеттім. Алдағы уақытта да жақсы ойындармен көңілдеріңізден шығамын», - дейді сербиялық қорғаушы.
Иванович ақсүйектердің қатарына 2008 жылы мәскеулік «Локоматив» командасынан ауысып келген болатын. Бұл маусымда «Челси» қорғаушы командасымен Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Ұлттық құрама сапында 57 рет алаңғы шыққан.
Ал Сербия елінің үздік бапкер атағы жуырда ғана қытайлық «Цзянсу Сайнти» командасын чемпион атандырған Драгомир Окукаға бұйырды.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: eurosport.ru