Бір әйел Мессиді әйгілі баскетболшы деп ойлап қалды

Юморлық жарнамада бір әйел Мессиді адымен актер, сосын әнші деп ойлап қалады. Артынан ақылы кірген жан: "Сен бар ғой, Месси – әйгілі баскетболшыcың!" - деп қуанып кетіпті.

Мадридтік «Реалдың» португалдық сұрмергені Криштиану Роналду мен каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси нан-тоқаш өндіретін "Bimbo" компаниясының юморлық жарнамасына түсіп отыр, деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Алдымен әйел кісі дүкенде Мессидің қасына таяу келіп, ұлына қолтаңба жазып беруін сұрайды. Месси жымиыспен жай ғана қағазға түсіріп жатқан уақытта, әлгі әйел оны әйгілі әнші дейді, сосын танымал телесериалдардың біріндегі актерге балайды. Ақырында Мессидің екеуі де емесін түсініп, қуаныштан былай деп қалады: "Сен бар ғой, Месси - әйгілі баскетболшысың!". 

Жарнаманың екінші бөлігінде Роналду сол дүкенде сол әйелге жақындап келіп: "Сіз әлгі жарнамадағы әйел емессіз бе?!" - деп сұрап, қолтаңба жазып беруін өтінеді және бірге суретке түседі. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/14EV2VXk9P0#t","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: prosport-ru.tsn.ua; review-football.ru