- Негізгі бет
- Бұл қызық
- Боз кілем үстіндегі...
Боз кілем үстіндегі ең ұзаққа созылған күрес
Спорт тарихындағы ең ұзақ балуандар жекпе-жегі 11 сағатқа созылған. Қазір бұған сену қиын. Бірақ, V Олимпиаданың кезінде, 1912 жылы Стокгольмде спортшылар мен төрешілер ешқайда асықпаса керек?!
Рекордтық белдесу 14 шілдеде ресейлік балуан Мартин Клейн (тегі эстон) мен екі дүркін әлем чемпионы фин Альфред Асикайненнің арасында болған. Балуандар кімнің мықты екенін анықату үшін 11 сағат 40 минут белдескен! Егер ара-арасындағы демалысқа кеткен уақыттарды есептемесек, жекпе-жектің таза уақыты 10 сағат 15 минут болған.
Әрине, төрешілер қолдарынан келгенше, бұл процесті жеделдетуге тырысқан. Олардың белдесуі бір сағаттан аса бастаған кезде, төрешілер әр 60 минут сайын үш минут демалыс беріледі деп шешкен. Кейін, бұл көмектеспегеннен кейін, олар сағат сайын берілетін демалысты бір минутқа дейін қысқартқан. Белдесу сегізінші сағатқа созылған кезде, төрешілер демалысты мүлдем алып тастаған. Бірақ, бәрібір мықты анықталмаған.
Содан кейін төрешілер жеңіспазды ұпай саны анықтау үшін финалдық 15 минут беру туралы шешім қабылдайды. Бірақ, балуадар тағы тең түседі! Нәтижесінде, балуандардың партерге ауыстырады. Балуандардың бірі үш минут партерде шабуылдайды, екіншісі қорғанады. Міне, сонда ғана жеңімпаз анықталады, ол - Мартин Клейн болып шығады.
Ең қызығы, Мартин Клейн финалдық кездесуден бас тартады. Шешуші жекпе-жек келесі күні швед балуаны Клаус Юханссонмен өтуі керек болатын. Бірақ ресейлік балуанның жартылай финалда шаршағаны сонша, «алтын» үшін күресуге күші қалмаған. Нәтижесінде, алтын шведтің қанжығасында кетеді, ал Мартин Олимпиаданың алтынға бергісіз «күмісін» қанағат тұтады. Есесіне, ол ең ұзақ балуандар жекпе-жегінің жеңімпазы ретінде аты қалды!
Дереккөз: confederation.kz
О. Сансызбай