- Негізгі бет
- Бұл қызық
- «Боруссия д» Чемпиондар...
«Боруссия д» Чемпиондар лигасының рекордын жаңартты
Дортмундтық «Боруссия» Чемпиондар лигасының кезекті рекордын жаңартты. Мадридте «Реалмен» 2:2 есебімен тең ойнаған неміс ұжымы топтық кезеңде ең көп гол соққан команда атанды.
Томас Тухель жаттықтыратын команда топтық кезеңдегі 6 ойында 21 гол соқты. Өткен турда «Легия» командасының қақпасына 8 гол соғып, 4 рет допты өз қақпаларынан алып шығып, ең көп гол соғылған ойын ретінде рекорд тіркеген еді.
Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ешбір команда 21 гол соқпаған. Тек мадридтік «Реал» (2013/2014), ағылшындық «Манчестер Юнайтед» (1998/1999) және каталондық «Барселона» (2011/2012 және 2016/2017) 20 голдан соққан.
Айта кетейік, биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан барлық командалар анықталып үлгерді. «Арсенал», «Лестер Сити» (екеуі де – Англия), «Барселона», Атлетико» (екеуі де – Испания), «Ювентус», «Наполи» (екеуі де – Италия), «Монако» (Франция) және «Боруссия д» өз топтарынан бірінші орынмен шықты. Ал «Реал», «Севилья» (екеуі де –Испания), ПСЖ (Франция), «Бенфика», «Порту» (екеуі де – Португалия), «Манчестер Сити» (Англия), «Бавария» мен «Байер» (екеуі де – Германия) өз топтарында екінші орын алды.
Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы командалардың жеребе тастау рәсімі 12 желтоқсан күні өтеді.
О. Сансызбай