Боливиялық клуб «Штутгарт» жейдесінде өнер көрсетті

Боливияның «Университарио» футбол клубы сырт алаңда «Ориенте Петролеро» командасынан 4:0 есебімен ұтылды. Бірақ, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударған ойынның нәтижесі емес,  өзге оқиға.

Жасыл алаңға шыққан командалардың киіп шыққан жейделері бірдей ақ түсті болған. Нәтижесінде стадион қызметкерлерінің бірі жақын маңдағы спорт дүкенінен жаңа жейделер жиынтығын алып келген. Сатып алынған киімдер немістің «Штуттгарт» командасының негізгі жейделері екен. «Университарио» футболшылары өзге жейдеде өнер көрсетуге мәжбүр болған. Дәл осыған ұқсас жағдай футболдан Қазақстан Республикасы Кубогының алғашқы айналымында орын алған болатын. Шымкенттік «Ордабасы» кездесу басталар алдында қонақ үй алдында жейделерін ұмыт қалдырып, алаң иелері «Екібастұз» командасының түзде ойнайтын жейделерін киіп шыққан болатын.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Tcod0BOwo3k#t","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: isport.ua