"Боливар" футбол клубының қақпашысы Матиас Дитуро өз айып алаңында тұрып гол соқты. Ол ойын соңындағы қарсыластарының қақпаны ашық қалдырған сәтін сәтті пайдалана білді.
Ойын соңында 2:1 есебімен жеңіліп жатқан "Сан-Хосе" командасы тайлы-тұяғымен шабуылға ұмтылған. Таразы басын теңестіру үшін қақпашы Карлос Эмануэль Франко да алға шыққан. Осы сәтте Матиас Дитуро допқа бірінші жетіп, қолындағы допты қарсылас қақпасына тура тепкен. Нәтижесінде "Боливар" командасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.